Жаңалықтар

АУЫЛ-АЙМАҚТА АМАНАТТЫҚТАР

АУЫЛ-АЙМАҚТА АМАНАТТЫҚТАР

  «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл ауданына қарасты Қаратөбе ауылдық округінде болды. Жиында алғашқы сөз кезегін алған Абдалы Нұралиев Тоқбергенұлы сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағына тоқталып, қатысушыларға кеңінен түсіндірді. Айтуынша, партияның мақсат-міндеттері қоғамдық қабылдауларда, тұрғындардың өтініш-ұсыныстары негізінде құрылған. Сондықтан, халық мүддесі үшін қызмет етеді.

  • Қазіргі таңда Әулиеата өңірі бір миллион астам халық мекендейтін аграрлы-индустральды аймақ. Күн өткен сайын қарқынды әрі үздіксіз дамып келе жатқан өлкеде «AMANAT» партиясының түрлі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мәселен, құрамында екі жел электростанциясы, күн электростанциясы, жем зауыты, жарамсыз картоннан бүктеме қағаздар шығаратын зауыт пен екі құс фабрикасы, құс етін өңдейтін зауыттар, консерві өнімін шығаратын кәсіпорын мен азық-түлік тауарын сақтайтын қойма, темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт және сүт зауыты бар 18 кәсіпорын іске қосылды. 43,8 миллиард теңге инвестиция тартылған кәсіпорында 1095 жаңа жұмыс орындары құрылса, 38,9 мың адам жұмысқа орналасты, - деді Абдалы Тоқбергенұлы.
 width=

Бұдан кейін сөз алған Оксана Борисюк пен Ерұлан Мағзымбеков өз салаларына қатысты ойларын ортаға салды. Олардың сөзінше, партиялықтардың ықпалымен білім және спорт саласында ілкімді істер атқарылуда.  width= Айта кетейік, «AMANAT» партиясының білім беру саласына белсенді араласуының нәтижесінде соңғы екі жыл ішінде 6 мың орындық 18 мектеп және 3,4 мыңға бүлдіршінге арналған 28 балабақша ашылды. Сондай-ақ облыс орталығындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Бүгінде мұндағы 90-нан астам үйірмеде мектеп оқушылары бос уақытын тиімді пайдалануда. Ал партияның тікелей араласуымен 2027 жылға дейін 30 спорт нысанының құрылысын жүргізілмек. Осылайша, 100-ден астам спорт секциялары мен балалар-жасөспірімдерге арналған 10 дене шынықтыру клубтары ашылады деп көзделуде. Өз кезегінде мұның бәрі халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін 57,6 пайыздан 61 пайызға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.  

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының

сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT"

партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді