Жаңалықтар

Ауыл мұғалімі өз үйінде асылып қалды

The final spritzer

Тергеу амалдары жүргізілуде.

25 жастағы мектеп мұғалімі асылып қалған. Алыс ауылда музыка пәнінен сабақ беретін мұғалім өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  orda.kz cілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 8 сәуір күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаратоғай ауылында болды. Жас ұстаздың денесі өз үйінен табылды. Шетырғыз ауылдық округіне қатысты шағын ауылда мұғалімнің асылып қалғаны айтылады. Оқиға таңғы уақытта болған. 

Марқұм Темірлан Намазбай Ақтөбе педагогикалық колледжін тәмамдаған.  Үйленбеген. Анасы ауыл мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Ата-анасымен бірге тұрады. 

Марқұм Қаратоғай мектебінде алты жылдан бері музыка пәнінен сабақ берген. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция 1999 жылы туған азаматтың өлімін растады. Анықтау, тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.