Жаңалықтар

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті

ҚР президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Жигули Дайрабаевтың шығарма тақырыбы «Менің елім, менің жерім» деп аталды. Екінші - мәнерлеп оқудан Абай өлеңдерін оқыды. Үшінші - еркін тақырыпта немесе «шаршы сөзде» «Күшіміз - бірлікте» деген тақырыпты алды. Шығармасын жаза алды, ойын жеткізді. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Күшіміз бірлікте» тақырыбында ойын еркін жеткізе алды. Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады», - деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек.