Жаңалықтар

«Ауыл» партиясының атынан президент сайлауына Жигули Дайрабаев түсетін болды

«Ауыл» партиясының атынан президент сайлауына Жигули Дайрабаев түсетін болды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп, алдағы президент сайлауына партия атынан түсетін үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Ауыл» партиясының саяси кеңесі кезектен тыс президент сайлауында президенттікке кандидат ретінде партияның атынан Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Дайрабаев Жигули Молдахалықұлының кандидатурасын съез қарауына ұсынады», - деді Әли Бектаев. Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді.