Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл астық түсімі жоғары болатынын айтты

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл астық түсімі жоғары болатынын айтты

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл астық түсімі жоғары болатынын айтты. "Қазгидрометтің болжамынша, маусым айында ауа райы қолайлы болады. Осы болжамға сүйеніп, биыл астық түсімін көпжылдық орташа деңгейде болжап отырмыз. Бидай түсімі, ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша, 13-13,5 миллион тонна болады. Маусым айында жаңбыр жауады деп болжануда. Соның арқасында түсім былтырғы жылдан кемінде 15 процентке артық болады", - деді министр. Мәселен, жаздық дақылдар 19,8 миллион га, картоп 189,6 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 269,2 мың га, көпжылдық шөптер 429,6 мың га егілді. Майлы дақылдар 3,1 миллион га, қант қызылшасы – 12,3 мың га, мақта – 121,1 мың га алқапқа егілді. Министрдің айтуынша, жалпы егіс алқабы 23,1 миллион гектарды құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың гектарға артық. Өндірісті әртараптандыруға және монокультурадан алшақтауға байланысты дәнді дақылдар алқабы 285,5 мың гектарға қысқарды. Басымды дақылдардың өскені байқалады. Мысалы майлы дақылдар 24,9 мың гектарға, картоп 2,4 мың гектарға, көкөніс 1,7 мың гектарға және жем-шөп дақылдары 448,1 мың гектарға ұлғайды.