Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігінің екі қызметкері әйел зорлаған - Айман Омарова

Ауыл шаруашылығы министрлігінің екі қызметкері әйел зорлаған - Айман Омарова

Адвокат Айман Омарова өзінің Facebook-тегі парақшасында Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі екі қызметкердің бір келіншекті зорлағанын айтып, бірнеше жылдан бері соттың алға жылжымай тұрғанын жазды.

Айтуынша, дәрменсіз күйдегі әйелдің топтық зорлауға түскенін тікелей көрсететін дәлелдерге қарамастан, іс бірнеше рет тоқтатылған көрінеді. Ал құқық қорғаушылар тергеу соты арқылы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыларға бірнеше рет шағымданған. Тіпті, тергеу судьялары да тергеушілер мен прокурорлардың әрекеттерін бірнеше рет заңсыз деп тауып, істі тоқтату туралы қаулылардың күшін жойған екен.

Сөз соңында ол қазір сол істі Астана қаласы полиция департаментінің тергеушісі, полиция майоры Д. Нұралы жүргізіп жатқанын алға тартты.