Жаңалықтар

  Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялар автоматтандырылған жүйеге  жұмыстар жүргізуде

  Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялар автоматтандырылған жүйеге  жұмыстар жүргізуде

 

 Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру. Ауыл шаруашылығы саласында орындалуы – басты назарда.  Мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты көрсет­кіші. 2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды. Қабылданған Заң  талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы  және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Осы орайда,  облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі–Басқарма)   «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  яғни  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру аясында тиісті жұмыстарды жүргізіп келеді. Осы мақсатта, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі» Жол картасының  аясында 2019 жылдан бастап Басқармада субсидиялаумен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері электрондық түрге көшірілді. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі» Жол картасының  аясында qoldau.kz ақпараттық жүйесі жұмыс істейді арқылы 2019-2022 жылдар аралығында жұмыс жасады. Қаіргі таңда, 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін  көрсетеді. Жол картасы аясында 11 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-МКҚ) субсидия беру бағыты бойынша, оның ішінде, 10 МКҚ түрі - «goldau. kz»,             1 МКҚ түрі «plem.kz» электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі, қалған 8 түрі «Е-лицензиялау» портал арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішінде   2-і  заңды тұлғаларға, 1-і жеке тұлғаға, 16-ы  жеке  және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Қазіргі таңда, GOSAGRO.KZ порталында субсидиялаудың негізгі түрлері бойынша өтінімдер 2023 жылдың ақпан айынан бастап қабылданады. «АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» фермерлерге субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімдерді беру, субсидияларды өңдеу және алудың бірыңғай gosagro.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2022 жылдың 31 желтоқсанында бұрынғы «Qoldau.kz» порталынан инвестициялық субсидиялау бойынша толық тарихи деректер алынды. Қазіргі уақытта ақпараттық базаны жаңа жүйеге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. СБМАЖ арқасында фермерлерге субсидиялар алудың орындылығын растау үшін қосымша анықтамаларды ұсыну қажеттілігінен арылады, өйткені талап етілетін ақпарат басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, соның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» біріктірілген. Инвестициялық субсидиялар бөлігінде құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін «E-ЖСҚ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары басталды. Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бюджет «күту парағында» өтінімдердің кезектілігі бойынша ғана бөлінетін болады, оған фермердің тарапынан қосымша іс-әрекеттер қажет емес. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. «Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді. Қазіргі уақытта субсидиялау жөніндегі қызметтерді өтінім берілген сәттен бастап, субсидия төленгенге дейінгі аралықта техникалық пысықтау аяқталды. Қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес, фермерлерден өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімдері белгіленген. Негізгі өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 ақпанынан басталады.. Басқармада  жеке және заңды    тұлғаларды   қабылдауда  кедергісіз және жайлы орын үшін  1   қабатта   бейне бақылау арқылы ашық кабинет қарастырылған. Сонымен қатар, сенім телефоны. (45-42-30, 45-55-32) жұмыс жасайды. Басқарманың ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған.  Азаматтарды жеке қабылдау бойынша Басшының және оның орынбасарларының кестесі бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы  көрсету мақсатында ғимараттың ішінде көрнекі ақпараттар орналастырылған. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттердің дұрыстығын қамтамасыз етуде  Басқарманың ресми сайтына барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалар тізілімі көрсетілген. Басқарма қоғаммен байланыс орнату мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісінде https://www.facebook.com/ushtaraz/ және «Instagram» әлеуметтік желісінде @ush.zhambyl парақшаларын ашып, басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардан түскен сұрақтарға дер кезінде жауаптар берілуде. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында негізсіз бас тартулар, арыз-шағымдардың, мерзімін бұзу және ақпараттық жүйелерге қате енгізу фактілеріне жол бермеуі жөнінде тиісті мемлекеттік қызмет көрсету функциялары  жүктелген қызметкерлерге басшылық тарапынан  қатаң ескертіліп отырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын  болады.  

Даниярхан МАХАМБЕТОВ,

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы

басқармасының   бас маманы