Жаңалықтар

Ауыл тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде ХҚКО қызметтерін ала алады

Ауыл тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде ХҚКО қызметтерін ала алады

Пилоттық жоба Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында іске қосылды. Ауылдық пошта бөлімдерінде 27 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады. Оның ішінде жәрдемақының кейбір түрлерін, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы қызметтерге құжаттарды рәсімдеу, мекенжай бойынша тіркелу, мұрағаттық анықтамаларды алу бар. «Биыл 100-ге жуық осындай нүкте ашылады, алдағы уақытта 2 мыңға жуық осындай нүктелерді ашу жоспарда бар», - деді сала министрі Бағдат Мусин. Мемлекеттік қызметтер әзірге 50 ауылдық пошта бөлімшесінде көрсетілмек.