жұма, 4 қазан, 2024 0:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапалы көрсетілуі маңызды

Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапалы көрсетілуі маңызды
ашық дереккөзі
Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапалы көрсетілуі маңызды
Қазіргі таңда қазақстандықтардың 41 пайызы немесе 8 миллионға жуығы ауылды жерлерде тұрады. Ал жалпы 5 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетіледі. Мемлекет басшысы өз жолдауында ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапалы көрсетілуі маңызды екенін ерекше атап өткен. Осы ретте облысымыз қарықанды жұмыс істеп келеді. Мәселен былтыр Т.Рысқұлов ауданына қарасты Жаңатұрмыс және Жақсылық ауылдарына дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілген. Ал ағымдағы жылдың 5 айында диспансерлік есепте тұрған 14 210 науқастарға 101 млн теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтасыз етілді. 2022 жылдан бастап ауыл тұрғындарын кәсіптік тексеруден өткізу жұмыстары күшейтілді. Осылайша, бүгінгі таңда 13 441 адам тексерілді. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда бала өлімі 47 пайызға төмендеген. Т.Рысқұлов ауданына қарасты Ақбұлақ, Қайыңды ауылдары мен Қорағаты ауылдарына дәрігерлік амбулаториялық құрылысы 2024 жылы бітіру жоспарланған. Ал 2025 жылы аудандық аурухананы қайта жаңғырту күтілуде дейді Раушан Жұманқұлова. Ал Жамбыл ауданы бойынша жоба аясында 2023 жылы ауылда 1 медициналық пунктті пайдалануға беру жоспарлануда. Қазірдің өзінде 2024 жылы ауданның 3 ауылы жобаның өзіне енгізіледі. Олар Тоғызтарау, Қостөбе және Қаратау. Мұнымен қоса, Қордай ауданында бірнеше медициналық мекеме соғылып жатыр. Бүгінде аудан халқы 150 мыңға жуықтады. Өзіміз саусақ ауырса шыдамай аурухана іздейміз. Ал ауылдықтардың жаны қиналғанда аудан аралап, алысқа жол жүретін шамасы да болмайды. Мұнда орталық және 3 ауылдық аурухана бар. Аудандағы дәрігерлердің сөзінше, тұрғындар үшін МӘМС арқылы медициналық қызмет алу тиімді. Бүгінгі күні бұл жүйеге 24 мыңға жуық адам қамтылған. Сақтандырылмаған мәртебесі-27 пайыздан жоғары. Дәрігелер жүйеге тіркелу арқылы көптеген медициналық көмек қолжетімді болатындығын айтады. Көптеген азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің не үшін қажет екенін білмейді. Бұл жүйе аудандағы медицинаны дамытуға мүмкіндік берген, жаңа технологиялар пайда болды. Ал қазіргі таңда медициналық көмек қолжетімді, бүгінде 4 миллионға ажуық адам тегін дәрі алады. Айта кету керек, Қордай ауданында халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін бірқатар жобалар қолға алынған. Олардың қатарында Беріктас фельдшерлік-акушерлік пункті де бар. Құрылысы осы жылы аяқталмақ. Сондай-ақ, Сортөбе ауылының ауылдық емханасының құрылысы да басталған. Онда I ауысымда 200 адам қабылдауға мүмкіндік бар екен. Жалпы Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласына 13,5 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Бұл қаражатқа «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 20 денсаулық сақтау нысанын салу және жөндеу жоспарланып отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар