Жаңалықтар

Ауыл тұрғындары жаңа техника алды

Ауыл тұрғындары жаңа техника алды

Өткен демалыс күндері Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Ауыл аманаты» ауқымды жоба аясында 33 жаңадан құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 55 жаңа трактордың кілттері табысталды.

Жаңа техниканың кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі ЖШС «BNK GROUP» өндірістік қызмет көрсету орталығында өтті, онда облыстың аграрлық секторына қызмет көрсететін болады.

«Ауыл аманаты» жобасының төртінші бағыты кооперативтерді қажетті техникамен жабдықтау аясында «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп сервистік орталық ашылды. Орталық агроқұрылымдарға қызмет көрсететін болады. Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істей отырып, өңірдегі саланың дамуына ықпал ететінімізге сенімдіміз, – деп атап өтті «Тараз» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Еркін Жылысбек.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы ауыл тұрғындарыныңтабысын арттыру бойынша пилоттық жоба ретінде басталған«Ауыл аманаты» жобасы өзінің орасан зор тиімділігін дәлелдеді, Жамбыл облысының оң тәжірибесін мысалға ала отырып Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл республика бойынша жобаны толық көлемде іске асыруды бастауды тапсырды.

Техниканың жалпы құны 803 миллион теңгені құрады. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жергілікті тұрғындар жобаға белсенді қатысқан 10 ауданнан тұратын кооператив төрағаларына «Lovol», «Zoomlion», «Yto», «Мтз Беларус» маркалы тракторлардың кілттерін табыс етті. Барлығы 55 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы берілді, – деді Еркін Жылысбек.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл өңірде 24 миллиард теңге бөлініп, 33 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Кооперативтерге Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді, 2024 жылы сома 2,3 миллиард теңгені құрайды.

– Бұл жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы техникасы паркін 10 пайызға жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде орындалады. Бүгінгі іс – шара-осының дәлелі. Біз қол жеткізген нәтижелермен шектелмеуіміз керек, – деп түсіндірді жиналғандарға Қанатбек Мәдібек. – Биыл облыста агропаркті 15 пайызға жаңартып, 1885 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда барлығы 1283 техника сатып алынды. Агропарк 10,2 пайызға жаңартылды.

Еркін Жылысбек бұл бағыттағы жұмыстың ерекше маңыздылығын атап өтті.

– Өз кәсіпорындарын дамыту ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс деңгейін арттырып қана қоймай, бүкіл агрокешеннің дамуына оң әсерін тигізеді, – деп түйіндеді ол.

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі