Ауыл тұрғыны көрші қыздың қолы мен аузын байлап, тасаға алып кеткен
Ауыл тұрғыны көрші қыздың қолы мен аузын байлап, тасаға алып кеткен
Желіде қыз баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген әйелдің бейнежазбасы тарады. Ол туралы бірнеше видеоны stankznews Telegram арнасы жариялады. Оқиға Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында болған. Баланы қорлаған әйелдің әрекеті желі қолданушыларының шамына тиді. Олар қаскөйді тауып, жазалауды сұрайды. Бұл көріністі көрген ер адам оларды сыртынан бейнежазбаға жасырын түсіріп алыпты. Көпшілік күдіктіні анасы деп топшылағанмен, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жағдайға түсінік беріп, әйелдің көрші екенін айтты.