Жаңалықтар

Ауылдағылар қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүреді

Ауылдағылар қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүреді

Ауыл халқының ішінде балалардың үлесі 38 пайыз болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Jambylinfo ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым, оның ішінде 2 мыңнан астам медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1000-нан астам дәрігерлік амбулатория, 200-ден астам емхана және 203 аурухана медициналық көмек көрсетеді. «Халықтың денсаулық көрсеткіштеріне жүргізілген талдауға тоқталсақ, ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарынан тұрақты жоғары екенін көрсетті», - деді министр. Ведомство мәліметіне қарағанда, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 70,23 жас болса, қала бұл көрсеткіш 69,91 жас, ал ауылда 70,79 жас деңгейінде тіркелді.