Жаңалықтар

Ауылдан қалаға көшу динамикасы артып келеді

Ауылдан қалаға көшу динамикасы артып келеді

Қазақстандықтар 19 млн 644 мың адам болса, соның 12 млн-нан астамы қалада шоғырланған. 7 млн 500 мыңы ауылда тұрады. Шалғайдағы көпшілік Алматы облысына қоныс аударатын көрінеді. Онда көшіп келгендер саны 1 млн 600 мыңға жетіпті. Ал халқы тығыз орналасқан қалалар: 📌Алматы - 2 млн; 📌Нұр-Сұлтан - 1,3 млн; 📌Шымкент халқының саны - 1,1 млн адам. Ішкі көші-қон әсерінен қала халқының саны азайған өңірлер көшін Қарағанды бастап тұр. Бір жыл бұрын қарағандылықтар 1,1 млн болса, қазір облыс орталығында 921 мың адам тұрады.