Жаңалықтар

Ауылдарға айрықша көңіл бөлінуде

Ауылдарға айрықша көңіл бөлінуде

Ауыл – алтын бесік. Алтын бесігімізді сақтау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан бірнеше бағдарламалар қабылданып, жүзеге асып жатқаны белгілі. Соының бірі Ойық ауылдық округі. Ендеше бүгін Ойық ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша бірқатар жүзеге асып жатқан міндеттері менәр сала бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген жұмыстарына тоқталсақ. Бүгінде Ойық ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар, олар атап айтар болсақ Ойық, Сейілбек, Тұрымқұл ауылдары. Ауылдық округ бойынша 431 отбасы, 2 432 халық тұрады. (Ойық ауылында – 344 аула, 1 949 халық, Сейілбек ауылында – 49 аула, 263 халық, Тұрымқұл ауылында – 38 аула, 220 халық) Ауылдық округ бойынша  1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 47 шаруа қожалық, 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі және 10 азық – түлік дүкендері өз кәсібін жасауда. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 150 662 га. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер 144 618 га. Оның ішінде: егістік жерлері 2 386 га, шабындық жерлері 3 575 га, жайылымдық жерлері 138 657 га құрайды. Жеке қосалқы шаруашылық жерлері 6 044 га. Төрт түлік мал шаруашылығы және көктемгі егіс – дала жұмыстары бойынша:  2023 жылдың 1 – ші шілдесіндегі статистикалық есебі бойынша МІҚ – 3 032 бас, оның ішінде 1 908 бас шаруа қожалықта болса, 1 124 бас жеке үйлерде. Қой – ешкі – 41 023 бас, оның ішінде 29 471 бас шаруа қожалықта болса, 11 552 бас жеке үйлерде. Жылқы – 1 856 бас, оның ішінде 1 095 бас шаруа қожалықта болса, 761 бас жеке үйлерде. Түйе – 351 бас, барлығы 351 бас шаруа қожалықтарда. Үй құстары (тауықтар) – 1 060 дана жеке үйлерде тіркелген. Биылғы жылы 17 827 тонна мал азығы дайындалды. Оның ішінде 2 544 тонна жоңышқа, 15 283 тонна пішен мал азығын құрады. Ағымдағы жылы ауылдық округ бойынша игерілген егіс көлемі 726 га құрады. Оның ішінде: 636,0 га көпжылдық шөп, 3 га көкөніс, 62 га жүгері, 24 га картоп, 1 га қауын – қарбыз егілді. Сондай-ақ, ауылдық округтегі шаруа қожалықтар көктемгі егіс – дала жұмыстарына 32 тонна арзандатылған дизель (206 теңге) отынын алды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініш білдіріп, 1 ауыл тұрғыны 1 млн. 380 мың теңге қайтарымсыз қаржы алды. Шаруа қожалықтардың ауыл шаруашылығы жерлеріне құдық қазу бойынша. «Сағат Ата» шаруа қожалығы 1 құдық қаздырды. Жоба құны 17 млн. 500 мың теңге. «Ауыл аманаты» жобасы да өз жемісің беруде.  Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану  бағыты бойынша ауылдық округте 112 ауыл тұрғынына несие келісімі беріліп, жалпы соммасы 554 млн. 140 мың теңге қаржы алды. (МІҚ – 370 бас, бұқа – 27 бас, уақ мал – 3 747 бас, жылқы – 541 бас және мал азығын алуға – 12 млн. 935 мың теңге).  Төмен пайызбен несие алу арқылы қаржыландыру бойынша ТЖО (көлік жөндеу қызметі), көлікті өзін – өзі жуу жобасы қолдау тауып, 3 млн 950 мың теңге қаржысын алды. Жоғарыда аталған 3 бағыт бойынша жобаға 611 млн. 810 мың теңге қаржы берілді. Ветеринариялық жұмыстар да назардан қалмаған. Аса қауіпті Конго – Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында, ауылдық округ бойынша 431 ауланың қора – жайларына дизенфекциялық жұмыстары жүргізілді. Салық түсімдері бойынша жұмыста қарқынды. АйталықЖалпы ауылдық округ бойынша жылдық жоспар 3 млн 267 мың теңге  болса, нақты орындалғаны 4 млн 340 мың теңгені құрап, яғни 132,8 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде көлік салығы жоспары 3 млн. 100 мың теңге болса, ал орындалғаны 4 млн. 200 мың теңгені құрап, яғни 135,5 пайызға орындалды. Жоспар бойынша жер, мүлік салықтары 167 мың теңге болса, орындалғаны 167 мың 400 теңге, яғни 100 пайызға орындалды. Әлеуметтік сала бойынша даму қарқынды. Мысалға, КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША 2023 жылғы жоспар 188 адам болса жолданғандары 144 адамды құрап 77 пайызға орындалды. ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА орналасқандардың жоспар – 101 адам, жұмысқа жолданғандары – 86 адам яғни 85 пайызды құрап отыр. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ жоспары – 8 адам, жолданғандары 4 адам 50 пайыз. ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ бойынша жоспар – 6 адам болса, орындалғаны 4 адам 67 пайызды құрап отыр. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ жоспары –30 адам, жолданғандары 34 адам яғни 113 пайыз. Ауылдық округ бойынша «Бизенс – бастау» кәсіпкерлік негізде 9 адам оқуын аяқтап, 2 адам жеке кәсіпкерлігін ашты. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы бойынша І – тоқсанында 4 отбасыға 27 адам, 19 балаға барлығы 675 мың 52 теңге тағайындалды. 10 балаға әлеуметтік топтамамен (азық – түліктің, гигиеналық құралдардың ақшасы берілді, бір балаға 5 175 теңге), қамтамасыз етілді. ІІ – тоқсанында 4 отбасыға 28 адам, 20 балаға барлығы 537 мың 657 теңге тағайындалды. 7 балаға әлеуметтік топтамамен (азық – түліктің, гигиеналық құралдардың ақшасы берілді, бір балаға 5 175 теңге), қамтамасыз етілді. ІІІ – тоқсанында 4 отбасыға 28 адам, 20 балаға барлығы 550 мың 65 теңге тағайындалды. 7 балаға әлеуметтік топтамамен (азық – түліктің, гигиеналық құралдардың ақшасы берілді, бір балаға 5 175 теңге), қамтамасыз етілді. ІV – тоқсанында 4 отбасыға 29 адам, 21 балаға барлығы 764 мың 64 теңге тағайындалды. 8 балаға әлеуметтік топтамамен (азық – түліктің, гигиеналық құралдардың ақшасы берілді, бір балаға 5 175 теңге), қамтамасыз етілді. «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы бойынша: Ауылдық округ бойынша құны 838 млн. 561 мың 330 теңгеге 14 көше 17,890 км қаржыға күрделі жұмыстарына қаржы қарастырылған. "Samruk – Kazyna" әлеуметтік жобаларды қолдау қоры және «Qazaqgaz» өндіру және барлау ЖШС демеушілігімен қаражат көлемі 100 млн. теңге Ойық ауылының кіре берісіне (жолдың екі жақ бетіне) ағаш егетін орындар дайындалып, қоршауы салынып, 2 бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, суғару қондырғылары орнатылды. Ойық ауылында орналасқан «Жеңіс» саябағына жарық шамдары орнатылды, ауыл тұрғындарының демалуға арналған орындықтар және арнайы жолдар (брусчатка) төселді. Аталған саябаққа волейбол ойын алаңшасы және «Street Workout» алаңшасы орнатылды. Сейілбек ауылы, Бөлтірік Шешен көшесінің бойынан кіші футбол алаңына жасанды төсеніші салынды. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауыл тұрғындарына және ауыл жастарына арнап «Street Workout» салынды.  «Туған жерге туыңды тік» жобасы да жемісің беруде. - Ауыл азаматтарының қаржылай көмегімен «Жасыл белбеу» жобасы бойынша 1 000 түп қара ағаш көшеттері отырғызылды және тамшылатып суғару жүйесі іске қосылды. Жоба құны 550 мың теңге.  - 1993, 2003 және 2013 жылғы мектеп бітірген түлектердің қаржылай көмегімен «Жеңіс» саябағының ішіне 60 түп арша ағаштары отырғызылды. Жоба құны 300 мың теңге. - 1973 жылғы мектеп бітірген түлектердің қаржылай көмегімен «Жеңіс» саябағының ішіне демалуға арналған орын салынды. Жоба құны 800 мың теңге.  - 2003 жылғы мектеп бітірген түлектердің қаржылай көмегімен Т.Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан кіші футбол алаңының жанына көрермендерге арналған бастырма (навес) салынды. Жоба құны 1 млн. теңге  - 2013 жылғы мектеп бітірген түлектердің қаржылай көмегімен мектеп оқушыларының сырт киімдерін ілуге арналған орын (гардероб) салынды. Жоба құны 500 мың теңге.  - 2003 жылғы мектеп бітірген түлектердің қаржылай көмегімен Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектепке интерактивті тақта алып берді.  Жоба құны 800 мың теңге. Міне ауылдық округте атқарылған жүмыстар аз емес. Дәл осы жұмыстар ауылдың өсіп дамуына өз үлесің қоспақ.