Жаңалықтар

Ауыратлет Илья Ильинге ота жасалды

Ауыратлет Илья Ильинге ота жасалды

Танымал қазақстандық ауыратлет Илья Ильин тізесіне ота жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, тізесіндегі мениск (тізе буынындағы ішкі және сыртқы шеміршек - еск.) жыртылып кеткен. "Достар, тілектеріңізге көп рақмет! Сіздердің жылы сөздеріңіз қаншалық жағымды және керемет көмектеседі!Біз ертең үйге барамыз!" - деп жазды ол парақшасында. Еске салайық, Илья Ильин 12 қаңтарда екінші рет үйленген еді. Оның қалыңдығы - астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/97170/