сенбі, 28 желтоқсан, 2024 23:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Аузынан көбік ағып, құлады»: Алматыда қайтыс болған 5 адамның туысы қайғылы оқиға туралы айтты

«Аузынан көбік ағып, құлады»: Алматыда қайтыс болған 5 адамның туысы қайғылы оқиға туралы айтты
ашық дереккөзі
«Аузынан көбік ағып, құлады»: Алматыда қайтыс болған 5 адамның туысы қайғылы оқиға туралы айтты
Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлашы ауылында бір отбасының 5 адамы қайтыс болды деп хабарлады Жамбылинфо turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. Sputnik Қазақстанның жазуынша, отбасындағы қайғылы оқиғаны бірінші болып көршінің баласы көрген. Ойнамақ болып келген ол есікті ашқанда аузынан көбік ағып, құлап жатқан баланы көрген ол көршілерді көмекке шақырған.
 «Көршілер көмекке келіп, екінші қабатқа көтерілгенде бәрінің жатқанын көрген. Үйдің ішінде газдың иісі болмаған. Бірақ газ жанып тұрған, төтенше жағдай қызметінің бір жігіті газ пеші 80-де тұрғанын көрген. Жүгіріп келсем, інім қайтыс болып кетіпті, төрт бала мен келінді жедел жәрдеммен әкетіп жатыр екен. Балалар тірі болды, бірақ құсып, әлсіреп тұрды», – дейді марқұмдардың туысы Сарыбай Байғараев (аты-жөні өзгертілген).
Ауруханаға түскен төрт баланың үшеуі – ұл, біреуі – қыз. Үш ұл таңертең көз жұмып, ал қыз кешке қарай қайтыс болған. Балалардың анасы бүгін жансақтау бөлімшесінен терапия бөліміне ауыстырылды.
«4 мамырда күндізгі сағат 15:30-16:00 шамасында бес науқас ауруханаға түсті. Бесеуінің жағдайы өте ауыр болды. Алдын ала диагноз – газдан улану. Бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Республикалық деңгейде онлайн кеңес алдық, облыстық деңгейдегі дәрігерлер барынша көмек көрсетті. Алайда бір тәулікте төртеуі көз жұмды. Анасының жағдайы қазір тұрақты, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Есін жиды. Арнайы психологтар жұмыс істеп жатыр. Алайда балаларының қайтыс болғаны туралы әлі білмейді. Жағдайына қарап, біз де балалары туралы ешнәрсе айтпадық», – дейді Шамалған ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Жүзбеков.
Төтенше жағдайлар саласының мамандары әу баста астан улануы мүмкін деген болжам айтқан еді. Полиция бүгін алдын ала себебін айтты. Отбасы көміртегі тотығынан улануы мүмкін.
 «Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Түпкілікті шешім сараптамалық тексерулердің нәтижесі бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған», – деп хабарлады полицейлер.
Марқұм отбасының туыстары қайғылы оқиғадан әлі ес жия алмай жүргенін айтады.
 «Қарақалпақстаннан көшіп келгеніме 8 жыл болды, келгелі бері танимын. Өте бір жақсы отбасы еді, көршімнің қайтыс болғанын жұмыста жүргенде естідім. Ертесі балалары қайтыс болды деді. Газдан уланды деп жатыр, мынау расымен сұмдық болды. Газды жалғап беріп қана қоймай, құбырларды тексеріп тұру керек қой», – дейді Көлашы ауылының тұрғыны Марат Палманов.
4 мамырда Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көлашы ауылындағы жеке тұрғын үйде 6 адам белгісіз заттан уланғаны туралы жазған болатынбыз.  Дереккөз:https://turkystan.kz/article/222504-auzynan-kobik-agyp-kulady-almatyda-kaytys-bolgan-5-adamnyn-tuysy-kaygyly-okiga-turaly-aytty/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар