Жаңалықтар

«Аузынан көбік ағып, құлады»: Алматыда қайтыс болған 5 адамның туысы қайғылы оқиға туралы айтты

«Аузынан көбік ағып, құлады»: Алматыда қайтыс болған 5 адамның туысы қайғылы оқиға туралы айтты

Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлашы ауылында бір отбасының 5 адамы қайтыс болды деп хабарлады Жамбылинфо

 turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. Sputnik Қазақстанның жазуынша, отбасындағы қайғылы оқиғаны бірінші болып көршінің баласы көрген. Ойнамақ болып келген ол есікті ашқанда аузынан көбік ағып, құлап жатқан баланы көрген ол көршілерді көмекке шақырған.

Ауруханаға түскен төрт баланың үшеуі – ұл, біреуі – қыз. Үш ұл таңертең көз жұмып, ал қыз кешке қарай қайтыс болған. Балалардың анасы бүгін жансақтау бөлімшесінен терапия бөліміне ауыстырылды.

Төтенше жағдайлар саласының мамандары әу баста астан улануы мүмкін деген болжам айтқан еді. Полиция бүгін алдын ала себебін айтты. Отбасы көміртегі тотығынан улануы мүмкін.

Марқұм отбасының туыстары қайғылы оқиғадан әлі ес жия алмай жүргенін айтады.

4 мамырда Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көлашы ауылындағы жеке тұрғын үйде 6 адам белгісіз заттан уланғаны туралы жазған болатынбыз.  Дереккөз:https://turkystan.kz/article/222504-auzynan-kobik-agyp-kulady-almatyda-kaytys-bolgan-5-adamnyn-tuysy-kaygyly-okiga-turaly-aytty/