Жаңалықтар

Автокөлік пен пойыз соқтығысты: 6 адам қаза тапты

Автокөлік пен пойыз соқтығысты: 6 адам қаза тапты

1 қараша күні сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеуде. Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі