Қай жағдайда Үкімет шекті бағаны белгілейді
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қай жағдайда Үкімет азық-түлікке шекті бағаны белгілейтінін айтты.
Сауда министрі нарықты азық-түлікпен толықтыру қадамын айтты Қазақстанда азық-түлік бағасының өсімімен қалай күреседі Оңдасын Оразалин өңірдегі картоп пен сәбіз бағасына қатысты пікір білдірді 2021 жылы сауда саласына қанша инвестиция салынды «Ерекше жағдайларда мәжбүрлі түрде нарыққа араласудың әкімшілік тетігі бар, яғни шекті бағаны белгілеу ескерілген. Бұл қадамға пандемия басталғанда өткен жылы баруға мәжбүр болдық.
Ол кезде дүрбелең толқынымен барша әлемде баға шарықтап кетті. Сондықтан тиісті іс-шаралар нәтижесін берді, біз ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ете алдық, тапшылық болмады», - деді онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, вакциналау арқасында Қазақстанда және әлем елдерінде экономикалық белсенділік біртіндеп қалпына келіп жатыр. «Ендігі басты мақсат – нарықтың дұрыс бәсекелестік пен теңгерімді баға қалыптасу тұғырына қайта оралуы. Барша процестің ашықтығы заманауи сауда инфрақұрылымын құру арқылы қамтамасыз етіледі», - деді Сауда министр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала