Аяқ сүю қай атадан қалған салт еді? Ұзатылып бара жатқан қыздың әрекеті жұртты шошытты
Аяқ сүю қай атадан қалған салт еді? Ұзатылып бара жатқан қыздың әрекеті жұртты шошытты
Әлеуметтік желіде тараған видеода ұзатылып бара жатқан қыз анасының аяғын сүйеді, – деп хабарлайды Жамбылинфо Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Көпшіліктің қытығына тиген бойжеткеннің әрекеті – нағыз ессіздік. Яғни, бұл – ертеректегі ескірген ғұрып емес, бүгінгі асабалардың ойлап шығарған хайпы. Тойдан үзінді видеода жаңа ұзатылып жатқан қыз анасының аяғына жығылып, сүйе жөнеледі. Асаба да тойды қазақ тілімізде жүргізіп тұр. Айтуынша, бойжеткен шешесіне алғысын дәл осылай жеткізгісі келіпті-міс. Бірақ бұл әрекеті желі қолданушыларымен қоса, тарихшы, этнографтардың көңіліне түрпідей тиді. Олар мұндай жат қылықты өзге той иелері де қайталап, қоғам арасында таралып кетпеуін тілейді. Өйткені, әдет-ғұрпымыз бен салтымызда мұндай ерсі қылық ертеректе де болмапты. Аяққа жығылу Үндістан елінің салтына сай. Бірақ оның өзінде үлкендердің башпайын ұстап сәлемдескенімен, сүймеген. Сол себепті ғалымдар оғаш қылықтың бәрін өзімізге дәстүр деп жабыстыра бермеуді сұрайды.