«Аяғымды кім сындырғанын білмеймін» – 4 жерден аяғы сынған Бейбіт Ыстыбаевқа ота жасалды
«Аяғымды кім сындырғанын білмеймін» – 4 жерден аяғы сынған Бейбіт Ыстыбаевқа ота жасалды
Қазақ күресінен әлем және Азия жеңімпазы, «Қазақстан барысы» турнирінің бірнеше дүркін чемпионы, жамбылдық Бейбіт Ыстыбаевтың сол аяғы бірнеше жерден сынған. Бұл туралы спортшы Uaqyt.info тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Бейбіт Ыстыбаев бес айдан бері ақсаңдап жүр. Оның айтуынша, көкпарда жүргенде оның сол аяғын ат қағып, төрт жерден бөліп түсіріпті. Палуан осы уақытқа дейін аяғына бірнеше операция жасатқан.
Бейбіттің айтуынша, дәрігерлер оның сынған сүйектерін темірмен бекітіп берген. Әзірге сынған төрт жердің үшеуі ғана дұрыс орнығыпты. Ол күзде болатын көкпар ойындарына іштей дайындалып жүрмін дейді. Ал атпен қаққан адамның кім екені сол бойы жұмбақ күйінде қалған.