Жаңалықтар
Аягөзде өрттен қаза тапқан балалар үйде жалғыз қалған
- авторjambylinfo.kz
- 26 қазан, 2023
- 247
Аягөзде өрттен қаза тапқан балалар үйде жалғыз қалған
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Астанада «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» атты халықаралық конференция кулуарында айтты.
«Қазіргі уақытта комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді, анасы азық-түлік алуға шығып кеткен. Балалар үйде жалғыз қалған. Негізі балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Бұған дейін Астанада, Жамбылда болған оқиғаға бәріміз куә болдық, қазір Аягөзде болды. Сондықтан қазіргі уақытта комиссия өз шешімдерін шығарады. Біздің тарапымыздан тек қана жәрдемдесу – психологиялық қолдау көрсету», - деді Еңбек министрі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала