Жаңалықтар

Аягөзде өрттен қаза тапқан балалар үйде жалғыз қалған

Аягөзде өрттен қаза тапқан балалар үйде жалғыз қалған

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Астанада «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» атты халықаралық конференция кулуарында айтты. «Қазіргі уақытта комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді, анасы азық-түлік алуға шығып кеткен. Балалар үйде жалғыз қалған. Негізі балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Бұған дейін Астанада, Жамбылда болған оқиғаға бәріміз куә болдық, қазір Аягөзде болды. Сондықтан қазіргі уақытта комиссия өз шешімдерін шығарады. Біздің тарапымыздан тек қана жәрдемдесу – психологиялық қолдау көрсету», - деді Еңбек министрі.