Айдаладан танкке қарсы 6 мина мен 5 граната табылды
Айдаладан танкке қарсы 6 мина мен 5 граната табылды
Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасты – Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуір күні тапқан. Ақмолалықтың айтуынша, қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен ол шамамен 50 см тереңдіктен алып шыққан. Оқиға туралы ер адам бірден полицияға хабарлаған. Жедел – тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты. Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 гранаталары тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды. Сондай-ақ полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп, жарылғыш заттарға ұқсас заттар таппаған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сараптамалар тағайындалды, құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.