дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Айгүл Иманбаева немерелі болды

Айгүл Иманбаева немерелі болды
Сурет: Айгүл Иманбаеваның instagram парақшасынан алынды
Өнер иесі осыдан 3 ай бұрын әже атанған

Актриса, әнші бұл туралы  «Мамский әңгіме» YouTube подкастында айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жақында тұрмыс құрған өнер иесі немере бағып үйде отырмайтынын ашық айтқан.

«Иә, немерелі болғаным рас.  Кішкентайымыз 3 айға толды. Менен гөрі анам яғни үлкен әжесі қасында көбірек болады. Мен немере бағатын әжеге ұқсамаймын ғой. Әлі бір ретте  шомылдырған жоқпын. Балама бірден айтқанмын: «Мен немере бағып, жөргегін алмастырып отырмаймын. Бірақ әнімді айтып, бесігін тербетемін» дегем", - дейді Айгүл Иманбаева ағынан жарылып.

Еске салайық, өнер иесі жақында тұрмысқа шыққан. Жұбайлар үйлену тойын ақпан айында шетелде жасамақшы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар