жұма, 14 наурыз, 2025 22:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аймағамбетов Назарбаев университетінде қазақстандық мамандардың шеттетіліп жатқанын сынға алды

Аймағамбетов Назарбаев университетінде қазақстандық мамандардың шеттетіліп жатқанын сынға алды
Ашық дереккөз
Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көтерді

Қазіргі таңда Назарбаев университетіндегі декандардың ішінде тек біреуі ғана Қазақстан азаматы, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ал қазақстандық мамандар негізінен әкімшілік жұмыстармен айналысып, көмекші персонал ретінде қызмет етуде.

«Бұл университет алғаш құрылғанда шетелдік профессорлар мен менеджерлердің көмегімен дамуы заңды еді. Алайда 15 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қазақстандық ғалымдар мен басқарушылар академиялық ортаға біртіндеп еніп, маңызды қызметтер атқарады деп күтілді. Әрине, шетелдік мамандардың үлесі сақталуы керек, бірақ отандық кадрлар үшін де тең мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Бұл жерде баланс маңызды», – деді Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, университет басшылығы негізгі назарды рейтингтерге аударып, білім беру мен кадрлық саясаттағы өзекті мәселелерді екінші орынға ысырып отыр.

Аймағамбетов «Назарбаев университеті» жабық жүйеден бас тартып, қазақстандық ғалымдар мен басқарушыларды белсенді түрде тартуы керек деген ұсынысын білдірді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар