Аймақ басшысы қала әкімінің жұмысын сынға алды (видео)
Аймақ басшысы қала әкімінің жұмысын сынға алды (видео)
Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Барысхан», «Қант зауыты» мен «Кирпичный» массивтерінің тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін салынған сорғы станциясында болды. Аталған нысанның құрылысына 680 млн. теңгеден астам қаржат жұмсалды. Бірақ тіршілік нәрі жұртқа әлі жетпеген. ⠀ Станция іске қосуға дайын тұр. Белгілі болғандай, құрылыс кезінде, бар болғаны, 80 метр су құбырын тарту қарастырылмапты. Бұны жауапты басқармалар мен Тараз қаласы әкімдігінің өрескел қателігі екенін аймақ басшысы баса айтып, жауаптылардың жұмысын сынға алды. ⠀ Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев түйткілді мәселені жуық арада реттеп, тұрғындарға су жеткізу мәселесін жедел шешуді тапсырды https://youtu.be/eJhi1Ah7rUU