Жаңалықтар

Аймақ басшысы азаматтарды қабылдады

Облыс әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Облыс  әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысының қабылдауына Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының тұрғыны келген. 

Азаматтар баспана және жұмыспен қамту, ауыз су тарту, жол, балабақша мен мектеп салу бойынша өтініштерін жолдаған. 

Сондай-ақ олар өзге де өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын айтқан.

Ербол Қарашөкеев азаматтардың өтініш-тілектеріне құлақ асып, барлық сауалдарға толық жауап берді. 

Аймақ басшысы азаматтарға әр мәселе мұқият зерделеніп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылданатынын жеткізді.