Жаңалықтар

Аймақ басшысы Жамбыл облысына келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасын күтіп алды

Аймақ басшысы Жамбыл облысына келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасын күтіп алды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймағымызға келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровты әуежайдан күтіп алды. Бүгін облыста өтіп жатқан Қазақ-Қырғыз I Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің Үкімет басшылары суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.