Жаңалықтар

Аймақтардағы жағдайға байланысты өңірлік резервке іріктеудің келесі кезеңі өзгерді

Қазақстанның аймақтарындағы су тасқынына байланысты Жамбыл облысында өңірлік резервке іріктеудің келесі кезеңін өткізу мерзімі өзгерді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы өңірлік кадр резерві хабарлап отыр.

«Құрметті кандидаттар! Бірқатар өңірлерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимінің жариялануына және қатысушылар үшін туындайтын қиындықтарға байланысты Сіздерді өңірлік резервке іріктеудің келесі кезеңдерін өткізу мерзімдерінің өзгергендігі туралы хабардар етеміз.

Іріктеу кезеңдерін өткізудің өзгертілген мерзімдері:

№ Кезеңнің атауы Өткізудің өзгертілген күні

1 Заңнаманы білуге тестілеу 13.04.2024 - 14.04.2024

20.04.2024 - 21.04.2024

27.04.2024 - 28.04.2024

2 Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу 04.05.2024 - 05.05.2024

3 Құзыреттерді бағалау 13.05.2024 - 05.07.2024

4 Құрылымдық сұхбат 11.07.2024 - 12.07.2024

5 Өңірлік кадрлық комиссияның отырысы 15.07.2024 – 16.07.2024», - деп хабарланған ақпаратта.