жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков білім грантына ие болды

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков білім грантына ие болды
Сурет: instagram/f.c.kairat
Министрлік жас спортшыларға қолдау көрсетуді жалғастыруда

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековты Қазақ спорт және туризм академиясына оқуға түсуге шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрдің айтуынша, Темірланның білім гранты 2026 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.

– Министрлік тек спортты дамытуды ғана емес, сонымен қатар кәсіби спортшыларымыз үшін жан-жақты академиялық базаны дамытуды да қолдайды. Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрза спорттық жетістіктері үшін грант алған алғашқы спортшылар емес. Көптеген дарынды жастар мұндай қолдауға ие болды, – деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, бұған дейін Шерхан Қалмұрзаға Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінен білім гранты берілген болатын.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар