Жаңалықтар
Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды
- авторjambylinfo.kz
- 24 тамыз, 2022
- 195
Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды
Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«16 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды. Қамау мерзімі – 2022 жылдың 21 қазанына дейін», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.
Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі бір айға ұзартылған болатын.
Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.
Еске салсақ, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. Кейін ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған деп хабарланды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз