Жаңалықтар

Қайрат Нұртасқа туған күнінде ерекше тосын сый жасаған

Бейнежазбадан Қайраттың жаңалықты көріп, ерекше толқып, шынайы қуанышқа бөленгенін аңғаруға болады.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өткен жылғы туған күн кешін есте қаларлық ерекше сәтке айналдырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол жолдасы, әнші Қайрат Нұртасқа бесінші сәбиіне аяғы ауыр екенін күтпеген жерден хабарлаған.

Балаларымен бірге ұйымдастырылған кеш барысында әншіге кішкентай сәбиге арналған киім мен ультрадыбыстық зерттеу суреті ұсынылған. Бейнежазбадан Қайраттың жаңалықты көріп, ерекше толқып, шынайы қуанышқа бөленгенін аңғаруға болады.

Желі қолданушылары да жылы пікірлерін жаудырып, өнерлі отбасыға ақ тілектерін арнады. Көпшілік Қайраттың балаша қуанып, эмоциясын жасырмағанын ерекше атап өткен.