Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды

Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды

Елордада Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Іс Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралды. «Қайрат Сатыбалды ҚР Қылмыстық кодексі 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі 2-тармағы және 95-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деген айыппен сотқа екі эпизод берілді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387, 402, 623, 626-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Қайрат Сатыбалдыны ҚР ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігінде, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында, ҚР ҚК-нің 195-бабының 28-бабының 3-бөлігінде, 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы үкім шығарды», - деді Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов сот отырысында. Оның айтуынша, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша оның мүлкі тәркіленеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. «Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік және мемлекеттің үлесін құрайтын ұйымдарда лауазымға орналасу құқығынан айыра отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деді судья. Қ.Сатыбалды жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.