Жаңалықтар
Қайрат Сатыбалды әскери шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді кері қайтарады
- авторjambylinfo.kz
- 26 қыркүйек, 2022
- 223
Қайрат Сатыбалды әскери шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді кері қайтарады
6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалды генерал-майор шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді кері қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Президентке Қайрат Сатыбалдыны Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін», - деді Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов сот отырысында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шығып, ол 6 жылға сотталды.
«Күдікті Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар жеке мүлкі тәркіленеді», - деген еді Нұрлан Баяхметов ZOOM платформасында өткен сот отырысында.
Қ. Сатыбалды жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.
Бұған дейінгі сот процесінде прокурор күдіктіні 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Қайрат Сатыбалды биылғы 13 наурызда қамауға алынған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз