жұма, 23 мамыр, 2025 20:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қайрат» сенсациялық жеңіске жетіп, УЕФА Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды

«Қайрат» сенсациялық жеңіске жетіп, УЕФА Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды
ФОТО: UEFA
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді

Алматылық «Қайрат» футзал клубы жартылай финалда испандық «Картахенаны» 3:2 есебімен тізе бүктіріп, УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстандық команданың сапында Алиссон екі рет мергендік танытты – ол 16 және 36 минуттарда гол соқты. Тағы бір голды қақпашы Деннис Кавальканти 39-минутта енгізді. Ал испандық команданың атынан Мигель Анхель Мельядо (20-минут) және Габриэль Мотта (40-минут, пенальтиден) жауап қайырды.

Айта кетейік, бұл кездесуде негізгі фаворит ретінде «Картахена» саналған еді.

Финалда «Қайрат» португалиялық «Спортинг» пен испаниялық «Пальма» арасындағы ойында жеңіске жеткен командамен кездеседі. Бұл матч 2 мамырдан 3 мамырға қараған түні өтеді.

Айта кетерлік жайт, «Қайрат» Чемпиондар лигасының финалына соңғы рет 2019 жылы шыққан болатын. Ол кезде шешуші ойында португалиялық «Спортингке» 1:2 есебімен жол берген еді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар