Жаңалықтар

Қайтарылған активтер: Екі олигарх төледі, қалғаны қайда?

The final spritzer

Президент реформаларын талқылау кезінде халық қалаулысы мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару бастамасына назар аударды.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мемлекеттік органдарды қайтарылған активтер жайлы ашық есеп беруге шақырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Парламент бұл заңды жедел қабылдады. Соңғы екі жылда қазына толықсын деген мақсатпен шамамен 2 трлн теңге қайтарылғаны айтылып жүр. Мемлекеттік органдар бұл қаражаттың халыққа қажетті әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына жұмсалып жатқанын мәлімдейді. Бірақ осы 2 трлн теңгенің жартысын небәрі екі олигарх қайтарған. Ал қалған активтер қайда? Басқа олигархтар қайтаруға тиіс қаражат не болды?" – деді Бапи.

Оның айтуынша, заңды қабылдаған депутаттар оның орындалу барысы жайлы толық хабардар емес. Осыған байланысты ол мемлекеттік органдарды атқарылған жұмыс туралы ашық ақпарат беруге шақырды.