дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Айтжановқа кешірім жоқ»: Амалбек Тшанов Мырзағали Айтжановты сынға алды

«Айтжановқа кешірім жоқ»: Амалбек Тшанов Мырзағали Айтжановты сынға алды
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Оның айтуынша, бас бапкер Париж Олимпиадасында өрескел қателік жіберген

Мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов Assyltas TV youtube-арнасына берген сұхбатында Мырзағали Айтжановқа қатысты пікірін айтып, ұлттық құраманың  бұрынғы бас бапкерін қатаң  сынаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.  

 Қоғам қайраткері Париж Олимпиадасында боксшылардың сәтсіз өнер көрсетуіне бас бапкердің жіберген қателіктерді себеп болғанын айтқан.   

"Екі жағдайға бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың кінәсі бар. Тікелей оны айта аламын. Біріншіден, 51 кг-дағы Махмудты 57-ге өткізіп қойды. 57 кг-дағы Сәкенді 51-ге әкелді. Сәкен қай салмақта болса да бойы ұзын. Керісінше оны 57-де ұстау керек еді. Ал Махмуд 51-де болғанда өзбекті де жеңетін еді. Ол бала бір ерекше. Мырзағалидың осы шешімі ешқашан кешірілмейтін нәрсе, тікелей қиянат жасады. Бұл - бір. Кешегі финалдық жекпе-жекті қараңыз. Жұрттың бәрі көрген Украина боксшысының агрессивті түрде ойынын жаттықтырушылар өте жақсы біледі. Жаттықтырушылар неге соған ыңғайлап дайындамады? Боксшыға ең керегі - аяқ. Аяқпен жақсы жұмыс істесе қорғана да алады, шабуылдай да алады. Жарыс басталмай тұрып, дайындауға болар еді. Сол жердің өзінде де ештеңе жасамады. Біздің бала барлық жағынан да басым, бірақ тактикалық жағынан қателік кетті. Соның бәрін айтатын жаттықтырушы сол жерде тұр ғой. Екі боксшы үшін Мырзағали Айтжановты қатты кінәлаймын. Бұлардың алтын алатынына күмәнім жоқ еді", - деді ол.

Еске салайық, кеше Қазақстан бокс федерациясы Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама бапкерлерін отставкаға жіберген болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар