ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ҚАЙЫРЛЫ ІС
Алғыс айту- сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн және ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесімін тапқан мереке. Осы атаулы күнде ҚР ҰКҚ ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің әскери қызметшілері қайырымдылық шараларын өткізді.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Сарымолдаев атындағы өмірлік жағдайы қиын балаларды қолдау орталығына қыс маусымынан кейін аталған мекеменің аумағында тазалық жұмыстарын атқарды. Осы мекеменің балаларына департамент әскери қызметшілері үнемі қолдау көмек көрсетуді жалғастыра береді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала