бейсенбі, 10 қазан, 2024 4:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС
ашық дереккөзі
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты №58 мекеме қызметкерлері кезекті рет қайырымдылық іс қылды. Түзеу мекемесінің ұжымы Тараз қаласындағы көпбалалы отбасы мен жасы келген қарияларды қарауына алып, қарайласып отырған жанұяға қажетті азық-түліктерін алып берді. Мекеме басшылығының ұйымдастыруымен мұндай ізгілікті іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. «Тұрмысы қоңыртөбел отбасыларына көмек беріп, қолдан келгенше қамқорлық танытып отыруды өзіміздің парызымыз санаймыз. Қазіргі таңда біздің қоғамда әлеуметтік жағынан аз қамтылған, асыраушысынан айырылған қарттар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы, мүгедек, тұрмысы төмен отбасылар аз емес екені баршамызға мәлім. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Сондықтан біздің ұжым үшін бұл дәстүрге айналған тірлік», дейді түзеу мекемесінің қызметкерлері.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар