Жаңалықтар

Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеті

Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеті

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады.

Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Осыған орай, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аптаның әр күнін қайырымдылық жасаумен бастайды. Мешітімізге жағдайын айтып, көмек сұрап келген жандарға қолдау көрсетіп, бос қайтармауға тырысатын бас имам, азық-түліктей және қаржылай өз көмегін көрсетіп келеді. Қолдау тапқан жандар имамға өз алғыстарын айтып, Алладан қызметіне жеңілдік тілеп, Ислам діні үшін дұға жасап, баталарын берді.