Концерт барысында оқушыларға қайырымдылық туралы ғибратты әңгімелер айтылды. Мұнан кейін Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының өнерлі оқушылары өнер көрсетті.
«Сымбат» би тобының орындауында «Жетіген» халық биі, 4-сынып оқушыларының орындауында халық әні «Бипыл-ай» орындалды. Сондай-ақ, Сарыкемер ауылдық округі әкімінің орынбасары Еламан Алпысбаев мектеп-гимназия директоры Гүлбахрам Ермековаға «Қазақстан халқына» Қорының сертификатын салтанатты түрде табыс етті. Мерекелік шара соңы «Болашағы біз елдің» хорымен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылған. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 80-нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Демалыс күндері ауа-райы қандай болады?
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024