жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақ киносы алғаш рет Африкада көрсетілді

Қазақ киносы алғаш рет Африкада көрсетілді
ашық дереккөзі
Қазақ киносы алғаш рет Африкада көрсетілді
Камерун астанасы Яундеде YARHA Festival халықаралық кинофестивалі өтті, іс-шара аясында қазақ киносының арнайы көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Жамбыл инфо ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының көмегімен түсірілген «Нартай» фильмі фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, төрт жүлдеге ие болды және үздік көркем фильм атанды. Сонымен қатар фестиваль бағдарламасында басқа да отандық картиналар көрсетілді. «Мен сіздің елде түсірілген көркем фильмін алғаш рет көріп отырмын, бұған дейін тек деректі фильмдерді тамашалаған едім. Кино маманы басқа елден келген кәсіпқойдың жұмысын көргенде, ең алдымен кино тілін түсінуге тырысады. Бұл фильмде ол ерекше, керемет. Бұл фильмдерді көргенде кино тілінде жеткізілген белгілі бір оқиғаға тап боламыз және мені баураған дәл сол сезім», - дейді шара қонақтарының бірі, режиссер, Канн кинофестивалінің қатысушысы Мусса Туре.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар