Жаңалықтар

«Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетеді

The final spritzer

Бұл туралы «Қазақмыс» ЖШС-нің баспасөз қызметі мәлімдеді

«Қазақмыс» компаниясы «Жомарт» кенішінде қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына ұжымдық келісімшартқа сәйкес барлық қажетті көмекті ұсынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ресми хабарламада көрсетілгендей, әлеуметтік және материалдық қолдау аясында марқұмдардың отбасыларына моральдық зиянды өтеу үшін жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері төленеді. Сондай-ақ жерлеу рәсімдеріне 2 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Компания асыраушысынан айырылған отбасыларға ай сайынғы төлемдер жасалатынын, балалардың оқу ақысы өтелетінін, қаза тапқан жұмысшылардың несиелері жабылатынын және отбасы мүшелерінің өтініші бойынша қосымша көмек көрсетілетінін атап өтті.