«Қазақмыс» балансындағы Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 ақпан, 2025
- 131

«Қазақмыс» балансындағы Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, сондықтан мемлекет меншігінде болуы тиіс. Өз кезінде бұл объектілер қала құраушы кәсіпорын «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансына берілген. Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы Су ресурстары министрінің атына ұсыну енгізді», - делінген ақпаратта.
Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылды.
Құқық қорғау органдары енді объектілерді жаңғырту жөнінде одан әрі шара қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көпфакторлы зерттеу жұмысын жүргізу қажет екенін атап өтті.
Кеңгір - Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы, сондай-ақ энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі. Объект 1952 жылы салынған.