«Қазақмыс» балансындағы Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы мәлімдеді
«Қазақмыс» балансындағы Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылды.
Құқық қорғау органдары енді объектілерді жаңғырту жөнінде одан әрі шара қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көпфакторлы зерттеу жұмысын жүргізу қажет екенін атап өтті.
Кеңгір - Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы, сондай-ақ энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі. Объект 1952 жылы салынған.