"Қазақмыс" құрбан айт қарсаңында 200-ден астам отбасыны қуантты
"Қазақмыс" құрбан айт қарсаңында 200-ден астам отбасыны қуантты
Мейірім керуенін құрған ондаған көлік Шу ауданындағы Бірлік, Бірлікүстем, Қонаев, Шоқпар, Көкқайнар сияқты ауылдарды аралады. Бұл ауылдар Қазақмыс кәсіпорындарының жанында орналасқан. Ал компания өкілдері ауылдарды аралай жүріп, материалдық жағдайы қиын, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арнап азық-түлік жиынтығын ұсынып, қайырымдылық көмек көрсетті. Мұнда ет және ең қажеттілері ұн, қант, макарон, жарма, өсімдік майы және т.б өнімдер болды. Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков бұл бастаманың компания мен жергілікті тұрғындар арасындағы берік әрі сенімді қарым-қатынастың көрінісі болатынын алға тартты. Әкім сонымен қатар компания бұдан басқа тағы бірқатар әлеуметтік жобалардың қолға алынғанын мәлімдеді.
"Қазақмыс" компаниялар тобы тұрақты негізде түрлі қайырымдылық акциялары мен әлеуметтік бастамаларға қатысып, ұйымдастырып тұрады. Бүгінде осылайша халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрақты түрде азық-түлік көмегі көрсетілуде. Компания өндірістік аймақтары мен жақын мекендерді көгалдандыру жұмыстарын да жүргізуде. Мәселен, Ұлытау өңірін абаттандыру бойынша ондаған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Одан бөлек, Балқаш, Қарағанды қалалары және жақын елді мекендер тағы бар. "Қазақмыс” әлеуметтік жауапкершіліктің табысты болашаққа бастар жол екеніне сенімді. Сондықтан компания Қазақстанның дамуына және азаматтарының әл-ауқатының артуына алдағы уақытта да өз үлесін қосуға дайын.