Жаңалықтар
«Қазақмыста» қайғылы жағдай: 31 жастағы жұмысшы қаза тапты
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 наурыз, 2025
- 140

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Ұлытау облысындағы Шығыс-Жезқазған кенішінде 31 жастағы жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
19 наурызда №57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді, делінген хабарламада.