Қазақстан 2050-ші жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін» - Ә.Смайылов.
Қазақстан 2050-ші жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін» - Ә.Смайылов.
Оның айтуынша, ел бойынша 600 мың адам ауыз су мәселесін шешуді талап етіп отыр. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Жамбылинфо Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Премьер атап өткендей, қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз су мәселесін шешуді талап етеді.
Премьер атағандай, іздестіру-барлау жұмыстары да уақытында басталған жоқ.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, сумен жабдықтау жүйесінде техникалық ақаулардың орын алуына негізінен инфрақұрылымның тозуы мен күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі себеп болып отыр.
Премьер-министр осыған орай бірқатар тапсырма берді.