дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанға АЭС не үшін қажет

Қазақстанға АЭС не үшін қажет
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Осы сұраққа жауап берген қазақстандық ғалым атом электр станциясының тиімділігі туралы айтып берді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының ғарыш сәулелері физикасы зертханасының меңгерушісі Оразалы Қалиқұлов елімізде 
Атом электр станциясы ( АЭС) салу - уақыт талабы екенін айтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ғылымның айтуынша,  электр энергиясын пайдалануға сұраныстар артуына байланысты қазіргі таңда елімізде электр тапшылығы байқалып жатыр. 

"Осы бір мәселені шешудің, әрі өскелең ұрпақ үшін таптырмайтын, тиімді әрі ұтымды шешім атом электр станцияларының құрылысы. Әлемнің дамыған елдері белсенді түрде атом электр станцияларын қолданады, мәселен АҚШ-та 94, Францияда 56, Қытайда 50, Жапонияда 34, көрші Ресей Федерациясында 38 және т.б. елдерде атом электр станциялары бар, аталмыш елдердің барлығы электр станцияларын ұтымды пайдаланып отыр", -дейді ғалым.

Сондай-ақ, ол ядролық технологиялардың дамуы мен реакторларды жаңғыртудың арқасында атом электр станцияларының қауіпсіздігі жоғарғы деңгейде екенін алға тартқан. 

"Статистикаға сүйенсек газ бен көмір жаққаннан бөлінетін улы газдар жылына бірнеше миллион тоннаны құрайды екен. Ал олардың қоршаған ортаға зияны орасан зор, тек атмосфераны ғана емес, топырақ пен мұхиттардың қышқылдығын арттырып, үлкен көлемде шығын келтіруде. Осы орайда атом электр станцияларынан мұндай улы газдардың бөлінбейтіндігін, экологиялық ең таза жолмен электр энергиясын өндіретін жалғыз көз болып табылады. Жер планетасының ауқымды мәселесінің бірі жаһандық жылынудың, мұхит, теңіз деңгейлерінің көтерілунен сақтайтын шешімнің бірі жаппай экологиялық таза электр көзіне көшу, газ бен көмір жағу сұранысын төмендету болып табылады. Сонымен қатар салыстырмалы түрде келтірсек: 1 кг уранды жағу 100 тонна көмірді немесе 60 тонна мұнайды жаққанға тең", -дейді ол.

Ғылымның сөзінше, елімізде уран қоры жеткілікті. Соның арқасында электр станцияларын тұрғызу ұзақ мерзімді қамтитын, энергетикалық жетіспеушіліктерді жоятын бірден-бір жол. 

"Жалпы атом электр станциялары үздіксіз, тәулік бойы, ауа райының күрт өзгерістеріне тәуелсіз электр энергиясын өндіретін, құрылысы үлкен аумақтарды, кең жерлерді талап етпейтін орындар болмақ. Атом электр станциялары ғылыми зерттеулер мен елдің интеллектуалды потенциалын көтеруге себепші бола алады", -деп ғалым ойын түйіндеген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар